Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады

27.06.2023, 8:55 200

HALYQLINE.KZ

Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей президенті ресейліктерге төзімділігі, ынтымағы мен отаншылдығы үшін алғыс айтты. Ол кез келген бүлік пен бопсалау сәтсіз аяқталатынын атап өтті.

Путин бүкіл қоғам, партиялар, діни ұйымдар конституциялық тәртіпті қолдайтын нық қағиданы ұстанғанын айтты.

«Қарулы бүлік кез келген жағдайда тоқтатылатын еді», – деді Ресей басшысы.

Путин бүлікті ұйымдастырушылар елге, сол арқылы жанындағыларға опасыздық жасады деп есептейтінін жеткізді.

«Бүлікшілер сарбаздардың бір-бірін өлтіргенін қалады, мұны Киевтегілер де қалады. Қайтыс болған қаһарман ұшқыштардың батылдығы, жанқиярлығы ауыр зардаптардан құтқарды», – деді В.Путин.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: