Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Конго: Құрамы 90 пайыз алтыннан тұратын тау табылды

06.04.2021, 17:45 248 0

HALYQLINE.KZ Конго Демократиялық Республикасында топырағаның құрамы алтын кендеріне аса бай тау жынысы табылды. Бұл туралы «Toppress» хабарлады.

Мұның дерегі алғаш рет биылғы ақпан айының соңында шықты. Сол жолы әлеуметтік желіде әлденеше ондаған адамның алтын кенін қолмен қазып жатқаны түсірілген бейнежазба тарап кетті. Осыдан кейін елдің әр түкпірінен мыңдаған адам Оңтүстк Киву провинциясында тұрған аталмыш Лухихи тауына қарай ағылды.

Алтынды тау провинция орталығы Букаву қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.

Бірақ билік тез есін жиып алып, жұрттың қазба байлықты өз еріктерімен келіп, қазып ала бастауына тыйым салды. Тыйым 5 наурыздан күшіне енген. Провинцияның тау-кен өнеркәсібі министрі Венант Буруме Мухигирва тау төңірегіне эксковаторлардың қаптап келе бастауы жергілікті тұрғындарды көтеріп жіберген.

Би-би-си тілшісі Тори Песиннің айтуынша, Лухихи тауындағы топырақтың 60-90 пайызы алтыннан тұрады екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: