Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кемістікті жетістік деп білгендер бар

05.12.2020, 11:00 205 0

HALYQLINE.KZ Иә, кез келген адамда өзіне тән кемістік не кемшілік болуы мүмкін. Жалғыз қалғанда «Неге мен осындай болдым екен?» деп өз-өзіңізді төмендетіп, өзгені тым биікке көтеріп тастайтын да боларсыз. Бірақ, сіз қатты қателесесіз! Өйткені, бойыңыздағы кемшілік не кемістік сіздің дарыныңызға, өміріңізге түпкілікті кері әсерін тигізе алмайды. Кемшілік барлық адамда болады, онымен бірге артықшылықтың да бірге жүретінін ұмытпаңыз. Мойындатудың кемістікке қатысы жоқ. Мысал керек пе? Көз жүгіртіңіз…

Мысалы, Сталиннің бойының ұзындығы 160 сантиметр ғана болыпты. Сондықтан фотографтар оны көп жағдайда төменнен жоғары қарай түсірген. Тағы десеңіз, оның бір қолы екіншісінен сәл қысқалау болған. Осыған байланысты көп жағдайда ол бір қолын қалтасына салып немесе сигарет тартып тұратын болған. Сталин ғана емес, көптеген танымал тұлғалардың бойында осындай дене кемшіліктері болған. Мәселен, Бірінші Петрдің басының домалақ пішіні өте кішкентай болған. Ал Наполеонның бойының ұзындығы 150 сантиметр ғана. Елизавета ханшайымның бет терісінің бөртпесі болғанынан хабардарсыз ба? Иә, ханшайымның өзі бет кемістігін жасыру үшін косметика жасауды тапсырып, опа қолдануға мәжбүр болған екен.

Әйгілі неміс композиторы Людвиг ван Бетховен (суретте) құлағының мүкістігіне қарамастан музыка жазуға құлшына кіріскен. 1802 жылы оның құлағы мүлдем естімей қалады. Алайда сазгердің ең ұлы симфониялары осы оқиғадан кейін жазылған.

Әлем балаларының сүйікті ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің бойы шектен тыс биік, тұлғасы тым арық болғаны былай тұрсын өмір бойы тіс ауруынан зардап шеккен. Оның қиялының шекарасыз болғаны сонша, үнемі уланып, отқа күйіп өлуден қорқып, тұзы таусылғанша сақтанумен, оқшауланумен өмір сүрген. Гай Юлий Цезарь, Александр Македонский, Жанна Д’Арк, Наполеон Бонапарт, Леонардо да Винчи, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон бұлардың барлығын байланыстырып тұрған тарихта қалған есімдері ғана емес. Аталған тұлғалардың бәрі солақай болғаны үшін ұялған, қысылған көрінеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: