Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір күнге жететін жанармай қоры қалды

17.05.2022, 12:00 467

HALYQLINE.KZ

Шри-Ланканың премьер-министрі Ранил Викрамасингхе елдегі жанармай қоры тек бір күнге жететінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Adaderana басылымына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта бізде тек бір күнге жететін жанармай қоры бар», – деді Шри-Ланканың премьері.

Ол жақында келген дизель отынының партиясы бұл ресурстың жетіспеушілігін ішінара шешетінін атап өтті. Оның сөзінше, елге жанармай 18 және 29 мамырда екі рет жеткізіледі деп күтілуде.

Сондай-ақ 18 мамыр мен 1 маусымда үнді несие желісі бойынша дизель отыны екі топтамамен келуі қажет. Викрамасингхе шикі мұнай мен мазут бар үш кеме Шри-Ланка теңіз аймағында 40 күннен астам уақыт бойы тұрғанын да атап өтті.

«Біз олардың құнын төлеу мақсатында ашық нарықта доллар алу үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деп түсіндірді ол.

Одан бөлек, Шри-Ланка премьер-министрі күнделікті электр қуатын өшіру тәулігіне 15 сағатқа дейін артуы мүмкін екенін айтты. Өйткені электр энергиясының төрттен бір бөлігі мұнай арқылы өндіріледі.

Сонымен қатар ол ел тұрғындары ерекше мұқтаж дәрі-дәрмектің 14 түрінің тапшылығы бар екенін мәлімдеп, үлкен шығынға ұшырап отырған SriLankan Airlines әуе компаниясын жекешелендіруді ұсынды.

Айта кетейік, Шри-Ланка қазір валюталық дағдарысты бастан кешуде. Ел үкіметі пандемия экономикаға айтарлықтай зиян келтіргенін айтып отыр. Себебі елдегі негізгі табыс көздерінің бірі туризм саласы соңғы екі жылда тұралап қалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: