Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Азовсталь» батырлары майданға қайта аттанады

10.07.2023, 13:23 194

HALYQLINE.KZ

8 шілдеде Мариупольдегі «Азовстальді» қорғаушылар Киевке оралды. Денис Прокопенко, Святослав Паламар, Сергей Волынский, Олег Хоменко мен Денис Шлегті Зеленский Стамбұл қаласынан алып кетті. Олар Украинаның қамауындағы ресейшіл депутат Виктор Медведчукпен айырбасталып, Түркия президенті Реджеп Ердоғанның жеке кепілдігімен Стамбулда тұрған. Айырбас кезінде «Азов» жауынгерлері соғыс аяқталғанша Украинаға қайтарылмайтыны туралы келісім жасалған.

Бұл хабарды естіген Мәскеу Киев пен Түркия келісімді бұзды деп айыптады. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, «Азов» жауынгерлерінің Украинаға қайтарылатыны туралы оларға ешкім хабар бермеген.

Өз жеріне табан тіреген “Азов” командирі, әйгілі қолбасшы Денис Прокопенко ұрыс даласына оралатынын мәлімдеді.

«Біз ұрыс даласында өзімізді көрсету үшін оралдық. Майданға аттанамыз. Украина жасасын!», – деп жауап берді журналистердің сұрағына.

Айта кетейік, Батыс елдері Украинаға берілетін жәрдемін тоқтатқан жоқ. АҚШ Украинаға уәде еткен кезекті әскери көмек пакетін жариялады. Оның құны 800 млн доллар болады.

Берілетін қару-жарақ түрлері:

– 32 дана БМП Bradley мен 32 дана Stryker;

– Patriot пен HIMARS-ке зымырандар;

– AIM-7 әуе қорғаныс жүйесіне арналған зымырандар;

– атыс қаруына арналған 28 млн оқ;

– Stinger мен Javelin-дер;

– 31 дана 155-мм гаубица;

– кассеталық снарядтар (155 мм).

Кассеталық снарядтарды сауыты жұқа бронды техника мен жаяу әскерке қарсы қолданады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: