Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ Иранмен ядролық келіссөзді қайта бастау үшін шарт қойды

17.05.2026, 17:37 36

АҚШ Иранмен ядролық келіссөздерді қайта бастау үшін бірнеше талап ұсынған. Хабарланған шарттардың қатарында өтемақы төлеуден бас тарту, 400 келі байытылған уранды АҚШ-қа беру, ядролық нысандардың бірінен басқа барлық нысанның жұмысын тоқтату, тоқтатылған активтерге қатысты ұстаным және келіссөздерді соғысты тоқтату мәселесімен байланыстыру бар.

Иран да өз шарттарын жариялаған. Оның ішінде санкцияларды толық алып тастау, бұғатталған активтерді босату, соғыс өтемақысын төлеу және Ормуз бұғазындағы Иранның егемендігін мойындау секілді талаптар бар. Қазіргі жағдайда екі тараптың ұстанымы бір-бірінен алшақ көрінеді. Бұл тек АҚШ пен Иран арасындағы мәселе емес. Келіссөз тағдыры Таяу Шығыстағы қауіпсіздікке, мұнай нарығына және жаһандық экономикаға әсер етуі мүмкін. 

Фото:  Anadolu Ajansı

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: