Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адам сенбейтін оқиға

16.07.2023, 9:00 408

HALYQLINE.KZ

Бұл оқиға 1994 жылдың көктемінде болды. Рональд Опус деген жас американдық қарызға белшесінен батқан соң суицидке барып, 9-қабаттан секіріп кетті. Бірақ ол коммуналдық компанияның жұмысшылары 7-қабатта терезені тазалап жатқанын білмеген еді, ол жұмысшылардың сақтандырғыш сеткасына топ ете қалды. Тағы да бірақ! Ол құлап келе жатқанда басынан біреу атып үлгеріп өлтіріпті, бас сүйегі мылжаланып кетіпті. Атқан адам 8-қабаттағы шал болып шықты, кемпірімен керісіп жатып шүріппені басып қалыпты. Бірақ, шалдың үстінен абайсызда атып алған бап мойнына ілініп, жауапқа тартылатынын білгенде шал шырылдап қоя берді: «Мен ешуақытта мылтықты оқтап қоймайтын едім, ал кемпіріммен керісіп қалғанда мылтығыммен қорқытатын әдетім бар және шүріппені басып қалғаннан кейін ашуым тарқап, орнына мылтықты қайтадан іліп қоятын едім» деп. Шалдың сөзін кемпірі де растады.

Қылмыс тез ашылды, кемпір мен шалдан бір қабат жоғарыда тұрып, секіріп өлетін екеуінің ұлы Рональд Опус болып шықты. Казинодан ұтылып қораға кірген оның басына мынадай ой келеді: екеуінің керісіп тұратынын біледі, екеуіне білдіртпей қабырғадағы мылтыққа патрон салып қойғанмен, екеуі қырсыққанда керіспей қалады. Әкесі шешесін өлтірсе, әкесі соталып кетіп, пәтер өзіне қалғасын сатып қарызынан құтылмақшы болады. Ал қарызды өндіртіп алу үшін пәтерін тәркілеуге банк пен құқық органдары қызметкерлері сол күні келетін болғасын, 9-қабаттан секіріп кетеді, сол кезде керісіп жатқан шал кемпірін «атып» салғанмен оқ шын болып шығып, адам сенбейтін қайғылы жағдай болды.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: