Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көпбалалы аналарға төсбелгі табысталды

26.01.2026, 17:10 47

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов отбасы құндылықтарын дәріптеу, аяулы аналарға деген құрметті арттыру мақсатында көпбалалы аналармен арнайы кездесу өткізіп, Президент Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Кездесу барысында аудан басшысы әйел-аналардың қоғамдағы, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі айрықша рөлін атап өтіп, елдің бүгінгі жетістігі мен ертеңгі болашағы аналардың мейірімі мен еңбегінің нәтижесі екенін айтты.

— Әрбір отбасының ұйытқысы болып отырған аналар – берекенің бастауы, тіршіліктің күретамыры. Мемлекет тарапынан аналар мен балаларды қолдауға әрдайым басымдық беріліп келеді. Бұл бағытта ауданымызда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналарға әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ауданда 4 мыңға жуық отбасының балалары мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған. Аяулы аналарымызға деген құрмет әрдайым жалғаса бермек, — деді аудан әкімі.

Марапаттау рәсімінен кейін Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары аналарға арнап ән шырқап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Ана – ұлттың айнасы, берекенің бастауы» деген аудан әкімі марапат иелерін наградаларымен құттықтап, аналарға мықты денсаулық, отбасыларының амандығы, ұрпақтарының қызығын көруді тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: