Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа конкурс жарияланды

16.01.2026, 11:05 47

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2026 жылға арналған Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа конкурс жариялады.

Аталған сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік авторларға Қазақстан мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосқан әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалар үшін беріледі.

Конкурс талаптары

Бір автор немесе авторлар ұжымы сыйлыққа бір рет қана ұсыныла алады.

Авторлар ұжымындағы үміткерлер саны 5 адамнан аспауы тиіс.

Бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарына ие болған жұмыстар конкурсқа жіберілмейді.

Ұсынылатын еңбек соңғы 5 жыл ішінде жасалып, кемінде бір жыл бұрын, яғни 2026 жылғы 1 наурызға дейін көпшілікке ұсынылған болуы керек.

Әкімшілік немесе ұйымдастырушылық қызмет атқарған тұлғаларды авторлар құрамына енгізуге жол берілмейді.

Қандай еңбектер қабылданады

Конкурсқа төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар ұсыныла алады:

әдеби шығармалар (кітаптар);

ноталық жазбалар;

бейнелеу және сәулет өнері туындылары;

кинофильмдер мен спектакльдер;

концерттік қойылымдар мен орындаушылық өнер туындылары (бейне немесе аудио форматта).

Барлық еңбектер 50 дана көлемінде тапсырылады.

Қажетті құжаттар

мемлекеттік органның немесе шығармашылық одақтың ұсынысы;

жиналыс хаттамасы;

шығармашылық мінездеме;

үміткердің жеке іс қағазы;

3×4 көлеміндегі 2 сурет;

жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі;

автор және ұсынылған еңбек туралы қысқаша мәлімет (қазақ және орыс тілдерінде);

сәулет туындылары бойынша – нысанның пайдалануға берілгенін және авторлық құқықты растайтын құжаттар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

2026 жылғы 1 наурызға дейін.

Құжаттарды қабылдау мекенжайы

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй

«Министрліктер үйі», 14-кіреберіс, 527-кабинет

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Байланыс:

📧 d.ozykhan@mki.gov.kz

📞 +7 708 689 45 74 (Озыхан Данагүл Нұрболатқызы)

Абай атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттары туралы шешім республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: