Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысы құрылыс көлемі бойынша еліміздегі көшбасшылар қатарында бар

22.12.2025, 13:05 65

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Аймақта 2022 жылдан бері 200-ге жуық халыққа қажетті әлеуметтік нысан салынып, тұрғындар игілігіне берілді. Бұл туралы елордада өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев атап өтті.

«Аймағымызда соңғы 3 жылда алғаш рет барлық ауданда жаңадан тұрғын үй салынып, 1 800-ге жуық, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы 1777 пәтер жерлестерімізге табыс етілді. Биыл 3600 пәтерлік тұрғын үйлер салуға бюджеттен 58 млрд. 785 млн. теңге бөлінді.

Біздің ең бірінші міндетіміз – балаларымыздың жан-жақты сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасап, жайлы орта қалыптастыру.

«Білімді қолдау қорының» 8 млрд. 400 млн. теңге қаржысына физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты ел игілігіне табысталды.

Аталған қор есебінен 2 млрд. 333 млн. теңгеге салынған Арал ауданы Мергенсай ауылындағы 150 орындық мектеп жақын күндері пайдалануға беріледі.

Қызылорда қаласында құрылысына 11 млрд. теңге қаралған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» академиясы, Жалағаш, Жаңақорған, Шиелі аудандарында 3 млрд. теңгеден астам қаржыға Оқушылар үйі мен Өнер мектебі, облыс орталығында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының демеушілігімен 2 млрд. 500 млн теңгеге заманауи Оқушылар сарайы ашылды. «Саутс Ойл» компаниясы музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасын салуға 4 млрд. 800 млн. теңге демеушілік жасады.

Қазіргі уақытта Президент саябағында жыл бойы жұмыс істейтін заманауи балалар тынығу лагері, Ботаникалық білім беру орталығы бой көтеріп келеді. Сондай-ақ, жұмысшы мамандарды даярлауға арналған «Құзыреттілік орталығы» ғимараты да басталды», – деді Н.Нәлібаев.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында облыс көлемінде көркейту-көгалдандыру, ауыл аймақтарды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Биыл қалалық мәдени-демалыс паркі қайта жаңғыртудан өтті.

Қорқыт Ата мемориалды аллеясы да жаңғыртудан кейін жайлы демалыс орнына айналды. Жаңарған Президент саябағы тұрғындар көп жиналатын қаладағы көрікті орындардың бірі болады. Бүгінде саябақта бес жұлдызды қонақүй салынуда. Сырдария өзені үстінен Астана шағын ауданы мен екі аралықты байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі құрылысы жоспарланған.

Өңірде 2023 жылдан бері облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсы тұрақты өткізіліп келеді. Үлгілі ауылдарға облыстық бюджет қаржысына алынған 67 арнайы техника табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: