Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

10.12.2025, 8:50 36

HALYQLINE.KZ

Кеше, 9 желтоқсанда Ресейде төтенше жағдай тіркелді, Иваново облысында ұшақ апатқа ұшырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ Ресей Қорғаныс министрлігіне тиесілі болған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бортында жеті адам болған Ан-22 ұшағы Иваново облысында апатқа ұшыраған. Ұшақ жөндеу жұмыстарынан кейін жоспарланған сынақ рейсін орындаған.

РЕН ТВ-ның хабарлауынша, апат Фурманов ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша ұшақ Ресей қорғаныс министрлігіне тиесілі.

Telegram-дағы Shot арнасы Ан-22 әскери ұшағында жеті экипаж мүшесінің қаза тапқанын хабарлады. Ұшақ Уводское су қоймасының маңында құлаған. Ұшақтың бөліктері суда қалқып жүргені анықталды. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Ан-22 әскери-көлік ұшағы – Антонов әуекәсіпорны жасаған әлемдегі ең үлкен турбовинтті ұшақ.

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: