Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты

10.12.2025, 8:15 30

HALYQLINE.KZ

Қармақшы ауданында білім беру саласын дамыту мен балаларға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар үнемі назарда тұр. Осы мақсатта аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар білім беру мекемесіне барып, олардың атқарылып жатқан жұмыстарын көрді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Алдымен аудан басшысы «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына барды. Бүгінде бұл мекемеде 70-тен аса бала тәрбиеленуде. Аудан әкімі балабақшаның жай-күйін толық қарап, тәрбиешілердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар ерекше назарда екенін атап өтті.

Бұдан кейін Жандос Еркінбек жаңа ғимаратқа көшірілген аудандық оқушылар үйінің жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта қосымша білім беру орталығында әртүрлі бағыт бойынша ашылған 27 үйірмеде 976 оқушы білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді. Аудан әкімі бірнеше үйірменің оқу барысын көріп, оқушылардың жетістіктерімен танысып, бұл бағыттағы жұмыстарға оң бағасын берді.

Жандос Еркінбек білім беру мекемелерінде балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасау тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: