Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралда 600-ден астам жұмыс орны ашылмақ

22.06.2020, 15:00 609

HALYQLINE.KZ Арал ауданында жұмыссыздықпен күрес қарқыны тоқтамайды. Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында теңізді өлкеде 604 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл жұмыс көздері аталған бағдарлама бойынша бекітілген 16 жоба бойынша іске аспақ.

Биыл Арал қаласында 33 көше жөнделеді. Үлкен жобаға «Арал құрылысы» ЖШС мердігер болып анықталған. Қазіргі таңда мердігер мекеме аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы аталған жол жөндеу жұмыстарына 43 адамды жұмысқа қабылдап үлгеріпті.

«Бүгінгі күні 5 көшенің астыңғы қабаттары тегістеліп жатыр. Құрылыс материалдары дайын. Алдағы аптада асфальт жабындыларын төсей бастайды. Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен әрі уақытында бітеді», – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тасқынбаев.

№2 мөлтек ауданы аумағындағы 10 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды. Мұндағы әр үй 4 пәтерден, бір қабаттан тұрады. Яғни, салынатын он үйде 40 пәтер болса, соның жартысы – екі бөлмелі, ал қалғаны үш бөлмелі пәтерлер. Тұрғын үйді тұрғызудағы басты мақсат – өз үйіне қол жеткізгісі келетін аудан тұрғындарының мәселесін шешу. Яғни, аталған жобаның қаржысы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісімшарт негізінде облыстық бюджет есебінен бөлінген. Жаңа баспанаға аталған банк арқылы кезекте тұрған салымшылар ғана қол жеткізе алады.

Айта кету керек, жаңа үйлерді салушы бас мердігерлер – жергілікті «Наурыз құрылыс» және «Арал су құрылысы» ЖШС. Қос мердігер кіріскен құрылыс жұмыстарына аудандық халықты жұмыспен қамту бөлімі арқылы 50-ге жуық аудан тұрғынын тартыпты. Тұрғын үйлер күзге дейін бітіп, 40 отбасы жаңа пәтерде қоныс тойын тойламақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: