Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркеліп, салдарынан оннан аса адам қаза тауып, тағы ондаған адам зардап шеккен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылымның жазуынша, «Синьхуа» агенттігі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап, табиғи апат салдарынан кемінде 16 адамның қаза тапқанын мәлім еткен.
«Қытайдың Сицзан (Тибет автономиялық ауданы – ред. ескертпесі) аймағында болған жер сілкінісі салдарынан 16 адам қаза тапты», — делінген жарияланымда.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тағы 46 адам зардап шеккен, оның 11-і ауыр халде жатыр.
Сондай-ақ жер сілкінісі салдарынан 300-ден астам үй қираған.
Билік өкілдері келтірілген шығынды бағалауды жалғастырып, жер сілкінісінің салдарларын жою шараларын қабылдап жатқаны хабарланды.
Қытайдағы жер сілкінісі. Видеодан кадр: x.com/Osint613
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!