Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрғиса Тілендиев — ұлт рухын ұлықтаған сазгер

28.11.2025, 11:35 90

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, көрнекті композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің «Әлқисса» атты концерті өтті.

Дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеулімжай Ботабаев, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Руслан Балмасов.

Нұрғиса Атабайұлы – қазақ руханиятының алтын діңгегі. Оның шығармалары – ұлттың тарихи жады мен мәдени кодын бейнелейтін теңдессіз мұра. Ол қазақ музыкасын 500-ден астам туындымен толықтырды. Көрермен концертте қазақ музыкасының алтын қорына енген композитордың өшпес туындыларын тыңдап, ерекше әсер алып қайтты.

Ғасырлық мерейтой аясында өткен мәдени кеште «Құрмет» орденінің иегері С.Байсейтова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ә.Әбсадықов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері А.Шағдатов және М.Мақұлбеков, «Тұран» сыйлығының иегері С.Тасбергенова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты А.Табынбаев, Ж.Байжанова, А.Дүйсенбай, Ж.Жұмабек және М.Жантөре өнер көрсетіп, көрерменге күй мен сазға толы рухты кеш сыйлады.

Қазақ даласын күймен күмбірлеткен композитордың мерейтойына арналған концерт аншлагпен өтіп, көрермендер зор ризашылықпен тарқасты.

Концерт режиссері – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Азиза Іздіқұлова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: