Бүгін «Biz Birgemiz» республикалық акциясына белсенді қатысқан еріктілер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында түрлі саланың мамандары бар, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған акция аясында Қызылорда облысы бойынша 12 мыңнан астам көмекке мұқтаж отбасыға 130 млн теңгеге жуық қаражатқа азық-түлік көмегі берілген.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова карантин режимінде тұрғындарға, соның ішінде халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына Үкімет пен«Nur Otan» партиясы тарапынан да, жергілікті атқарушы органдар мен жеке азаматтардан да көптеген қолдаулар ұйымдастырылып, әлеуметтік көмектер көрсетілгенін айтты.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы тарпынан «Biz Birgemiz» қоры арқылы Қызылорда қаласының 14109 тұрғынына сәуір – мамыр айларында 1-ші және 2-ші толқынмен 50 мың теңге көлемінде барлығы 705 млн 450 мың теңгеге бір жолғы қаржылай қолдау көрсетілді. Мұндай көмек маусым айында 3-ші толқынмен Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Байқоңыр қаласының 6491 тұрғынына берілді. Ал, шілде айындағы 4-ші толқында Сырдария және Жалағаш аудандарының 3430 тұрғыны аталмыш көмекпен қамтылатын болады»,- деді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!