Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

12.11.2025, 17:45 97

Бүгін Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған тұрғындар арасында аудан әкімімен онлайн байланысқа шығып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізген азаматтар да болды.

Жеке қабылдауға келген өзге тұрғындар ұсыныс-тiлектерiн жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Азаматтар үй және жер кезегіне қатысты мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді.

Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: