Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлт табысын қалай арттырамыз?

12.11.2025, 17:05 125

HALYQLINE.KZ

Дүниежүзілік банк әдістемесі бойынша есептелетін Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) рейтингісі елдер мен аумақтардың тұрғын басына шаққандағы табыс деңгейін салыстырып, олардың экономикалық дамуы мен әл-ауқат деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Бұл бойынша тұрғын басына шаққандағы табыс 12,6 мың доллар және одан жоғары болса, онда жоғары табысты елдерге кіреді. Орташа табысты елдер 1,0-12,6 мың доллар болса, төмен табысты елдер 1,0 мың доллар және одан төмен жатады.

2024 жылғы рейтингтің көш басында Лихтенштейн, Норвегия, Швейцария, Люксембург, Ирландия және АҚШ тұр. Ал рейтингтің төменгі жағында Мадагаскар, Мозамбик, Орталық Африка Республикасы, Ауғанстан және Бурунди орналасқан.

Қазақстан тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 10,9 мың долларды құрап, 207 мемлекет пен аймақтың арасында 88-орынды иеленді. Үздік 50 ел қатарына, мысалы Португалия немесе Литва деңгейіне жету үшін табыс деңгейі шамамен 24-25 мың долларға жетуі қажет.

Бұл рейтинг тек экономикалық көрсеткіш емес, ол елдің әлеуметтік әділдік деңгейін, экономикалық тұрақтылықты және даму стратегияларын жоспарлау үшін маңызды аналитикалық құрал саналады. Яғни мемлекеттің даму стратегиясын жетілдіруге, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ халықаралық инвестициялық тартымдылығын нығайтуға тікелей ықпал етеді.

Сонымен қатар, бұл көрсеткіш әлеуметтік жағдайды толық бейнелеу үшін жеткілікті деп айту қиын. Бұл индикатор кірістің азаматтар арасында тең немесе теңсіз бөлінуін, көлеңкелі экономиканы, ақысыз еңбек пен табиғи ресурстарға келтірілген залалды толық көрсетпейді. Сондықтан әлеуметтік саясатты жоспарлауда және халықтың әл-ауқатын бағалауда ЖҰТ рейтингісі тек жүйелік және салыстырмалы бағалаудың бір құралы ретінде қарастырылады.

Нұрлат  БАЙГЕНЖЕ.

Фото: abai.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: