Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен актив отырысы өтті.
Жиында аудан әкімі кадрлық өзгерістерге тоқталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңына және конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес аудан әкімінің өкімімен тағайындалған аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Есенов Жайдарбай Мырзабайұлын таныстырды.
“Сізге ауданда дене тәрбиесі, спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету, спорттық қозғалысты, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар халықтың әртүрлі топтары арасында спорт пен туризмді дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру міндеті жүктеледі. Аудан көлеміндегі спорттық нысандар мен футбол, жаттығу алаңдарының жағдайына тұрақты бақылау орнатып, анықталған кемшіліктерді жою бағытында жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырамын. Өз тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз арқылы міндеттерді жоғары деңгейде атқарады деп сенім білдіреміз», — деді А.Ибраимов.
Жайдарбай Мырзабайұлы 1990 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы №13 Жалағаш ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы ретінде бастап, осы уақытқа дейін спорт саласында табысты еңбек етіп келеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!