Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

30.10.2025, 11:50 114

Мерократия қағидаты бойынша Қызылорда облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшылығына Ринат Құдайбергенов тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ринат Мәжитұлы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, қаржы басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Қазірге дейін Байқоңыр қалалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметінде болған.
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: