Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кенттің абаттандыру жұмыстарымен танысты

30.10.2025, 0:55 88

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков аудан ардагерлерімен бірге Ы. Жақаев ауылындағы мәдениет үйі жанындағы қазақтың даңқты күрішшісі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың кесенесіне барды. Ата рухына тағзым етіп, кесене маңындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Кесене айналасын күтіп ұстау мақсатында мұнда жаңа заман талабына сай қоршаулар орнатылып, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мұнан кейін Шиелі кентінде орналасқан, ауданымыздың көркін келтіріп тұрған мәдени нысандардың бірі – Ыбырай Жақаев саябағына барды. Қазіргі таңда саябақта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, демалушыларға жайлы орта қалыптастыру бағытында абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, Ескерткіш маңында тас тақтайшайлар жаңартылып, жасыл желек егіліп, жаңартылуда.

Нысандарды аралау барысында ардагерлер ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды көріп, оң бағасын беріп, сәттілік тіледі.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: