Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәслихат төрағалары Нағи Ілиясов ауылымен танысты

18.10.2025, 2:07 122

Сыр өңіріне жұмыс сапары аясында өңірлерден келген мәслихат төрағалары тарихы мен мәдениетін жаңашыл даму үрдістерімен ұштастыра білген үлгілі елді мекен Нағи Ілиясов ауылында болды.

Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов өңірлердің мәслихат төрағаларына ауылдың әлеуметтік нысандары мен көрікті жерлерін таныстырып, оның қазіргі келбеті мен даму бағыттары жөнінде кеңінен әңгімеледі.

Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовтың есімі берілген елді мекен бүгінде батырдың есіміне лайық рухани және мәдени тұрғыда өркендеп, инфрақұрылым, туризм және мәдени даму бағыттары бойынша үздік ауылдардың біріне айналып отыр.

Соңғы жылдары ауылда ауқымды абаттандыру және инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде елді мекен заманауи келбетке ие болып, көптеген әлеуметтік және мәдени нысандар бой көтеруде.

Нағи Ілиясов ауылының жетістіктері жоғары бағаланып, ауыл «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының жеңімпазы атанды. Ал биыл «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы ұйымдастырған республикалық байқауда ауыл Қазақстанның үздік 5 туристік ауылының қатарына енді.

Айта кетсек, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған «Абзал и К» компаниясының қолдауымен бірқатар жаңа нысандар пайдалануға берілді. Олардың қатарында сауда орталығы, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, спорт кешені, футбол алаңы және өзге де әлеуметтік бағыттағы ғимараттар бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: