Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір айда үш жас қазақ футболшысы қайтыс болды

17.10.2025, 11:30 171

HALYQLINE.KZ

Қазақстан футболында соңғы бір айда қатарынан үш жас футболшы жарық дүниемен қош айтысты, деп жазады 1bol.kz.

ЖОЛДА  ҚИЫЛҒАН  ҚЫЗҒАЛДАҚ-ҒҰМЫР

23 қыркүйекте «Павлодар – Астана» бағытындағы жолда болған жол-көлік апатында «Жеңіс» клубының 19 жастағы ойыншысы Виктория Кайсаринова қаза тапты. Тергеу дерегінше, көлік жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін сақтамаған және арақашықтықты дұрыс есептемеген. Соның салдарынан автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан.

АҚТӨБЕЛІК  ЖАС  АЯҚДОПШЫНЫҢ  ӨЛІМІ

 

12 қазанда «Ақтөбе» футбол клубының жасөспірімдер құрамасының (U-16) ойыншысы Арон Муса өмірден өтті. Қайғылы жағдайда оның әжесі мен немере ағасы да көз жұмған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың өліміне улану (көмірқышқыл газынан улану) себеп болған.

ОЙЫН  КЕЗІНДЕ  ЕСІНЕН  ТАНЫП  ҚАЛҒАН  ШАБУЫЛШЫ

16 қазанда «Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу бірінші лигадағы «Екібастұзға» қарсы ойында (4:0) есінен танып, алаңда жан тәсілім етті.

Осылайша, соңғы бір айдың ішінде Қазақстан футболы үш жас талантынан айырылды. Спорт қауымдастығы ойыншылардың жақындарына көңіл айтып, олардың жарқын есімдерін құрметпен еске алуда.

Фото: sn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: