Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды

11.10.2025, 12:27 104

Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі деп жазады halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

— Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисті ұстады. Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге — делдал арқылы берілген, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа адамдардың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: