Сталиннің ұлы Василий Москвадағы элиталы гимназияда оқыды. Вася тентектеу болып өскендіктен, мұғалімдерді тыңдамай сөз таластырып, кейде «маған не істей аласың?» деп сабақ айтудан бас тартатын. Мұғалімдер оның «ерекше статусын» біліп көз жұма қарайтын.
Тек тарих пәнінің мұғалімі Васяға тоқсандық бағасына «2» қояды. Гимназия директоры шошып кетіп, «сен өзің білесің бе, кімнің баласына екі қойғаныңды?» деп, шашын жұлғандай айғайлап жұмыстан шығарып жібереді. Мұғалім көсем де адам баласы ғой, мүмкін түсінер деп, тәуекелге барып Сталинге түсіндіріп хат жазады.
Келесі күні мұғалімнің пәтеріне НКВД қызметкерлері келіп, есігін қағады. Есік ашқан мұғалімге Сталиннің хатын тапсырып, честь беріп кетіп қалады. Хатта Сталин ұлына екі қойғаны үшін рақмет айтып, алдағы уақытта да ұлы Васяға қатал болуын тапсырады. Келесі күні мұғалім өзінің қызметіне кірісіп кетеді.
Бақытжан Абдул-Түменбай,
Зейнеткер, бұрынғы тарих пәні мұғалімі.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!