Ақтөбе облысында Қандыағаш қаласының әкіміне қатысты сот жалғасуда. Прокурор шенеунікті әйелді соққыға жығу дерегі бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салуды талап етті.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр көңілдесінің арызы бойынша күдікті деп танылған. Әйел шенеунікті өз кабинетінде қол көтергенін, тұншықтырып және жұдырықпен ұрғанын айтып шағымданды. Оқиғадан кейін әйел дереу ауруханаға жүгінген.
Сотта әйел шенеуніктен моральдық зиян үшін 500 мың теңге және адвокат қызметі үшін 300 мың теңге өндіріп алуды талап етті. Сот талап арызды қарауға қабылдады.
Қала әкімі кінәсін мойындаудан бас тартты.
«Бұл әйелмен қарым-қатынаста болғаныма өкінемін. Қазір отбасымның алдында жауап беріп жатырмын. Мені ақтауды сұраймын», – деді шенеунік сот барысында.
Прокурор соттан шенеунікті кінәлі деп танып, оған 80 АЕК (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салуды талап етті.
Фото: Stan.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!