Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа Қазақстанға – жаңа қадам

02.10.2025, 10:20 300

2025 жылы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Бұл стратегиялық құжат ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын, саяси, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық салаларды терең жаңғыртуға бағытталған маңызды бағдарлама ретінде қабылданды. Президент Жолдауы елдің алдында тұрған басты мақсат-міндеттерді нақтылап, жаңа экономикалық саясат пен цифрлық трансформацияны басты басымдық ретінде белгіледі. Президентіміз атап өткендей, «Қазіргідей аласапыран заманда Қазақстан алға ұмтылуы үшін батыл шешімдер қабылдап, жаңа жағдайларға бейімделе білуі керек». Осы орайда Жолдауда цифрлық индустрияны дамыту, жасанды  интеллектіні енгізу, адами  капиталды  жаңаша  өсіру,  білім беру  мен  денсаулық сақтау жүйелерін қайта жүктеу сияқты бірқатар өзекті бағыттар қамтылды. Осыған байланысты Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты әртүрлі сала мамандары, қоғам белсенділері, мекеме басшылары, сарапшылар мен қарапайым азаматтардың көзқарасы айрықша ескеріледі. Себебі Мемлекет басшысының бастамаларын қоғамдық тұрғыда ұғыну мен оларды іске асыру барысында өзекті пікірлер алаңын қалыптастыру аса маңызды. Сонда ғана Жолдауда  жүктелген  міндеттер мен  алға  қойылған  мақсаттар  жүйелі  түрде  жүзеге  асырылатыны  сөзсіз.

ЖАСАНДЫ  ИНТЕЛЛЕКТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ  БОЛАШАҒЫНЫҢ  ТІРЕГІ

Президент Жолдауында цифрландыру мен инновация  ұлттық дамудың  негізгі бағыты ретінде көрсетілуі Жасанды интеллект институтының  миссиясымен толық сәйкес келеді. Біздің мақсат – жаңа технологияларды білім, ғылым және өндіріс салаларына енгізу арқылы интеллектуалды  шешімдер  ұсыну.

Цифрландыру институттың зерттеу жоба­ларына серпін беріп, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен экология салаларында AI шешімдерін әзірлеуді жандандырады. Бұл ғылыми нәтиже ғана емес, нақты әлеуметтік-экономикалық тиімділікке де әкеледі.

Инновацияны қолдау шаралары стартап-инкубатор­ды дамытуға жол ашып, студенттердің идеяларын нақты өнімге айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен  қатар, қашықтан оқыту мен AI-ге негізделген білім платформалары білім беру  сапасын  арттырады.

Біріншіден, мемлекеттік басқарудағы цифрландыру шешім қабылдау процестеріне жасанды интеллект жүйелерін енгізуге жол ашады. Бұл үлкен деректерді талдау, болжау модельдерін әзірлеу және «ақылды қала» жүйелерін дамытуға жаңа  сұраныс  қалыптастырады.

Екіншіден, экономиканы әртараптан­дыру және инновацияны қолдау AI саласындағы стартап­тар мен ғылыми жобаларға инвестиция­лық  мүмкіндіктер  туғызады. Жолдау аясында  бөлінетін гранттар мен венчурлық қолдау  жасанды интеллектіге негізделген өнімдер  мен  қызметтердің  дамуына ықпал етеді.

Үшіншіден,  жасыл  даму  бағыты  жасанды интеллектіге жаңа зерттеу алаңын ұсынады. Энергия  тиімділігін арттыру, ресурстарды үнемді пайдалану және экологиялық мониторинг  жүргізу – AI  технологияларының  көмегімен  шешілетін  өзекті  міндеттер.

Төртіншіден, білім беру мен кадр даярлау саласындағы тапсырмалар жасанды интелл­ект мамандарына деген сұранысты арттырады. Бұл салада білікті кадрлар дайын­дау – технологиялық  болашақтың  кепілі.

Жолдауда көрсетілген бағыттар институттың даму қарқынын үдетіп, жаңа мін­деттер  мен  мүмкіндіктерге  жол  ашады.

Жасанды интеллект саласындағы білікті кадр даярлау – елдің техноло­гиялық болашағы­ның басты кепілі. Президент Жолдауында білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірісті ұштастыру, кадрлық әлеуетті күшейту мәселелері нақты көрсетілген.

Біріншіден, институт оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сай жаңартып, қос дипломдық және бірлескен бағдарламаларды кеңейтуде. Мысалы, Сеултех университетімен 2+2 форматы іске қосылды.

Екіншіден, оқу үдерісінде EPIC моделіне негізделген құзыреттілік тәсілі қолданылып, студенттердің теориямен қатар практикалық және аналитикалық дағдылары дамытылады.

Үшіншіден, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейтіп, студенттердің нақты жобаларға қатысуына мүмкіндік жасалуда. Бұл оларды еңбек нарығына дайын маман ретінде шығарады.

Төртіншіден, мектеп және колледждерде бағыттау жұмысы жүргізіліп, оқушыларға арналған курстар мен олимпиадалар арқылы AI саласына қызығушылық қалыпта­стырылады.

Сонымен қатар, ағылшын тіліндегі курстарды көбейту, шетелдік профессорларды тарту және студенттерді халықаралық тағылымдамаларға жіберу жоспарымызда бар.

Институттың мақсаты – әлемдік деңгейде сұранысқа ие, тәжірибеге бейім жасанды  интеллект  мамандарын  даярлау.

Сондай-ақ,  Президент үш жылдың ішінде Қазақстанның цифрлық мемлекетке айналуын міндет етіп қойды. Үш жыл қысқа мерзім болғанымен, дұрыс жоспарлау мен үйлесімді іс-қимыл жағдайында Қазақстанның цифрлық мемлекетке айналуына жеткілікті уақыт деп есептеймін. Бұл мақсатқа жету үшін үш негізгі бағыттағы мәселелерді  шешу  қажет.

1. Инфрақұрылымдық  мәселелер.

Цифрлық мемлекет үшін ең алдымен жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті бүкіл ел аумағында қамтамасыз ету маңызды. Аймақтардағы цифрлық теңсіздікті азайтып, дата-орталықтар мен серверлік қуатты күшейту қажет. Соны­мен бірге, «ақылды қала» және «ақылды ауыл» үлгілерін дамыту арқылы цифрлық сервистер­ді  тұрмыстық  деңгейде  енгізу  аса  қажет.

2. Кадрлық мәселелер.

Білікті мамандарсыз цифрлық трансформация мүмкін емес. Сондықтан ІТ-инженерлерді, киберқауіпсіздік сарапшыларын, деректер талдаушыларын және жасанды интеллект мамандарын жедел даярлау қажет. Университет бағдарламалары халық­аралық стандарттарға сай жаңартылып, дуальды білім беру және өндірістік тәжірибе жүйесі  күшейтілуі  тиіс.

3. Технологиялық  мәселелер.

Цифрландырудың табысы отандық технологияларды дамытуға байланысты. Үлкен деректерді талдау, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, бұлтты сервистер және блокчейн секілді салаларды жедел енгізу қажет. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың деректерін интеграциялап, халыққа көрсетілетін қызметтерді барынша автоматтандыру негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.

Қорытындылай айтқанда, үш жыл – аса амбициялық мерзім, бірақ нақты қадам­дар жасалса, бұл мақсатқа жетуге әбден болады. Ең бастысы – инфрақұрылымды күшей­ту, кадрларды даярлау және технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету. Жасан­ды интеллект институты осы үдерісте ғылыми жобалары, зертханалары және кадр  даярлау  бағдарламалары  арқылы  белсенді  үлес  қосуға  дайын.

Нұрлан  ҚҰЛМЫРЗАЕВ,

ҚУ  Жасанды  интеллект  институты  директоры

ЖОЛДАУДАҒЫ  МІНДЕТТЕР  ЖАСТАРМЕН  ЖҮЗЕГЕ  АСАДЫ

Президент  өз  Жолдауында жастарды елдің дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде атап, олардың әлеуетін ашуға нақты міндеттер жүктеді. Қазіргі уақытта білім – мемлекеттің басты капиталы. Осыған орай жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, шетелдік үздік университеттердің филиалдарын ашу, жастардың ғылымға қызығушы­лығын арттыру  мәселелері басым бағыт  ретінде  көрсетілді.

Бұл бағытта Қызылорда қаласында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Университеттер мен колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, дуалды оқыту жүйесі енгізілуде. Жас ғалымдарға гранттар бөлініп, ғылыми жобаларға қолдау көрсетілуде. Өйткені білімді, ғылыммен айналысатын  жастар – болашағымыздың  тірегі.

Президент Жолдауында цифрландырудың маңыздылығы да ерекше атап өтілді. Қазіргі уақытта барлық салада цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл процесте жастардың рөлі ерекше. Олар жаңа технологияларды тез меңгеріп, IT жобаларды жүзеге асыруда. Жастардың белсенділігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда, зама­науи өндірісті дамытуда, білім мен ғылымды жетілдіруде  аса  қажет.

Қызылордалық жастар да осы бағытта белсенділік танытып, түрлі инновациялық бастамаларға атсалысуда. Бұл – өңірдің жаңашылдыққа бейімділігінің айқын көрі­нісі.

2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» ретінде жарияланды. Президент бұл Жолдауда да жұмысшы мамандықтардың маңыздылығына тоқталды. Еңбек нарығына қажетті мамандарды дайындау, арнайы мемлекеттік грантпен оқыған жастардың өз саласында еңбек етуін қамтамасыз ету – күн тәртібіндегі басты мәселе. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарға деген құрметті арттыру  қажеттігі  де  айтылды.

Соңғы үш жылда қалалық жастар ресурс­тық орталығының ұйымдастыруымен тігін­шілер, аспаз, дәнекерлеушілер, тас қалау­шылар  мен  электриктер  арасында байқау­лар өткізілуде. Жеңімпаздарға қаржылай қолдау көрсетіліп, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасалуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде «Жұмысшы мамандар» форумы ұйымдастырылып, үздік мамандар  елге  насихатт­алатын  болады.

Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экология­лық жобасы да жастар тарапынан қолдау тапты. Қала жастары экологиялық мәде­ниетті қалыптастыруда, саламатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытуда. Қызыл­орда – еліміздегі ең таза қалалардың бірі. Бұл – барлық тұрғынның, соның ішінде жастардың  елеулі  еңбегінің  нәтижесі.

Экологиялық бастамалар қатарында «Жасыл ел» еңбек жасағы, «Тазалық патрулі» эковолонтерлік қозғалысы, «Үздік аула» және «Табиғатты қорға – болашақты сақта!» жобалары бар. Бұл жобалар жастардың туған қаласын көркейтуге, таза әрі жайлы орта қалыптас­тыруға қосып жатқан нақты үлесін көрсетеді.

Президент Жолдауда заң үстемдігін нығайтудың маңызын атап өткен болатын. Бұл бағытта да Қызылорда жастары арасында түрлі алдын алу шаралары ұйымдас­тырылуда. Студенттермен кездесулер, түсіндірме жұмыстары, түнгі рейдтер, әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмыстары жүргізілуде. Бұл жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарау­ға  тәрбиелеуде  маңызды  рөл  атқарады.

Сонымен қатар, жастардың бойында отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру – рухани даму­дың кепілі. Патриотизм – ұран емес, ол күнделікті әрекет пен еңбек арқылы дәлелденеді. Осы бағытта жастарға ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді, тілімізді қастер­леу  насихатталуда.

Мемлекет басшысының жастарға қатыс­ты бастамалары – ел ертеңіне бағытталған стратегиялық инвестиция. Қызылорда қаласын­да әрбір жастың білім алуына, жұмыс істеуіне, кәсіп бастауына және баспана алуына толық жағдай жасалған. Солардың бірі – «Сыр жастары» ипотекалық бағдарламасы, ол жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға  ықпал  етуде.

Жастарды қолдау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер және қала тұрғындары бірлесе жұмыс істеп келеді. Президенттің жастарға білдірген сенімі мен қолдауын ақтау – әрбір жастың абыройлы парызы.

Медет  ЖОРАБЕК,

Қалалық  жастар  ресурстық  орталығының  директоры

БІЛІМ  БОЛАШАҒЫ: ЖОЛДАУДАҒЫ  ЖАҢА  МҮМКІНДІКТЕР

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауындағы білімге қатысты бөлім елді жаңа  цифрлық  дәуірге  дайындаудың  нақты  бағдарын  айқындайды. Мұнда ең әуелі инфра­құрылымға мән берілген. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектептің 150-і пайдалануға беріліп, қалғаны үш айдың ішінде аяқталмақ. Бұл қадам үш ауысымдық оқудан арылуға, ауыл мен қала арасындағы сапа алшақтығын қысқартуға және балаларға қолжетімді білім ортасын  қалыптастыруға  бағытталған.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні ерте жастан оқытуға ерекше назар аударды. Мектеп бағдарламасына ЖИ негіздері енгізіліп, арнайы оқу материалдары әзірленетін болды. Бұл тек информатика пәнімен шектелмей, барлық салада дерекпен жұмыс істеу, ойлау мәдение­тін дамытуға ықпал етеді. Мұғалімдер үшін де жаңа міндет қойылды. Жасанды интеллект технология­сын меңгеріп, оны сабақ жоспарына енгізу. Бұл ұстаздың әдістемесін жаңартып, оқушыға  дараланған білім беруге мүмкіндік береді.

Ауылдық шағын жинақты мектептердің мәселесіне де нақты шешім ұсынылды. «Qazaq Digital Mektebi» үлгісі қашықтан оқыту мен жасанды интеллек­тіге сүйеніп, мұғалім жетіспейтін ауылдардағы балаларға сапалы білім берудің тиімді тетігі болмақ. Бұл бастама – қала мен ауыл арасындағы  білім  теңсіздігін  жоюға  бағытталған  маңызды  жаңалық.

Жоғары  білім  деңгейінде  Президент тапсырмасымен 100 мыңға жуық студентті жоғары технологиялық жобаларға тартатын Al-Sana бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Бұл теория­лық білімді  практикамен  ұштастыруға,  студенттерді  нақты  индустриялық  жобаларға қосу­ға жол ашады. Сонымен қатар жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беру көзделуде. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандырып, инновация­ны  ілгерілетудің  тетігі  болмақ.

2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялау да – қоғамға берілген айқын сигнал. Жастардың өндірістік салаға бет бұруына жағдай жасалып, кәсіби-техникалық білімнің беделі артады. Мемлекет жұмысшы мамандықтарына деген құрметті күшейтіп, оларға  лайықты  жалақы  төлеу  қажеттігін  атап  өтті.

Жолдауда айтылған білім бағыты инфрақұрылым, мазмұн, мұғалім дайындығы және ғылымды басқаруды бір уақытта қозғайды. Бұл бастамалар орындалған жағдайда Қазақ­стан жасанды интеллект дәуірінде адами капиталдың сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті елге  айнал­мақ. Бастысы – технологияны  мақсат  емес,  адамды  дамыту  құралына  айналд­ыру.

Ерік ИСАҚҰЛ,

«Білім Ыбырай» қоғамдық қорының директоры

Пікір  жинаған

Оразкүл  ТЕМІРҒАЛИ

Фото: egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: