Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алға, қазақ байлары!

16.09.2025, 9:35 204

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Біз бай елміз.. Ой, кешіріңіздер, ат төбеліндей ғана бай адамдармыз… Байлар Каспий теңізі маңынан яхталар сатып алып, бір-бірімен жарысып жатыр! «Байлығымызды халыққа жұмсайық, бала-бақшалар салып берейік!» деген ойлары жоқ, кірпіктеріне іліп, кептіріп қойғандай…

Мен де яхта сатып алайын деп ойладым. Ресейден керемет яхта сатып алдым-ау, оны Шымкентіме жеткіздім-ау, масқара-а-а, қала маңында теңіз жоқ екен ғой! Шардара теңізіне апарып қояйын десем, ол жақ алыстау… Енді қайттім? Дереу есімді жиып, Арыс өзеніне ағысқа қарсы тігінен қойғыздым. Сыймаған соң, жұмысшылар жалдап, жан-жағын эксковатормен қаздырдым. Су бөгеліп, арнасынан асып, айналасындағы ауылдарды басып қалды. Жұрт жағамды жеті рет жыртты. Жеті көйлек ауыстырдым. Содан бала-шағамызбен, достарымыз, туысқандарымызбен яхтада думан құрып, ой бір рахатқа баттық! Содан бір дуакеш пе, сиқырлы әлем елінен бе, бір алба-жұлба киінген қарияны тамаққа тойғызып, су жаңа мәсі сатып әперіп, Арыс өзенін теріс ағыздым. Өзен менің яхтамнан басталып, жоғары қарай ағады! Мәселе жоқ! Яхтам той өткізетін салтанат сарайына айналып шыға келді! Небір тойлар өтеді! Өзенге үнді мұхитынан әкелінген кит жіберіп едік, су белінен де келмей, күн ыстықта кеуіп өліп қалды… Не керек, тойсыз қалмадық: үйлену тойы, сүндет той, әншейін той, бірдеңе той, түшкірген той, жөтелген той, құдай-ау, қазақта не көп, той көп екен! Байлыққа бұрынғыдан бетер баттым! Күшік той деген де бар екен! Бір байдың иті көршісінің итімен көңілдес болып, күшік туыпты. Соның құрметіне! Теңізшілер сияқты киініп алдық. Балаларым – матростар, мен – кеме капитанымын. Әйелім… Кемеде қандай мамандықтар болады өзі? Айтып жіберіңіздерші, ағайын! Алға, қазақ байлары!

Мұхтар  ШЕРІМ.

Фото: funny.klev.club

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: