Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ боксының жаңа тарихи жеңісі!

15.09.2025, 9:00 227

HALYQLINE.KZ

World Boxing ұйымы аясында Англияның Ливерпуль қаласында өткен тұңғыш әлем чемпионатында еліміздің Әнұраны 7 рет шырқалып, Көк Туымыз 7 мәрте ең биікте желбіреді!

Қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, командалық есепте 1-орын алды!

Ерлер арасында чемпион атанғандар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай.

Қыздарымыздан: Наталья Богданова, Аида Әбікеева, Алуа Балқыбекова.

Күміс медаль иегерлері: Назым Қызайбай.

Қола жүлде иегерлері: Елдана Талипова, Виктория Графеева

Тағы бір тарихи сәтті айта кетейік, World Boxing аясында өткен чемпионатта тұңғыш рет ағайынды екі адам бір жарыста чемпион атанды. Ол – Махмұд пен інісі Төрехан Сабырхандар.

Жарайсыңдар, чемпиондар!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: