Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасы — бақыт мекені

09.09.2025, 17:50 247

«Бақыт мекені» – отбасы институтын нығайту, жастарға өмірлік маңызды шешімдерге бағыт-бағдар беріп, жұптық өмірді жоспарлауға қолдау көрсетуді діттеген маңызды жоба.

Бастама аясында облыстық жастар денсаулығы, облыстық жастар ресурстық орталығы, «Отбасы» банкі және «Мансап» жұмыспен қамту орталығының мамандары қоғамдағы актуалды тақырыптар төңірегінде кәсіби кеңесін айтады. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселелері мен мемлекеттік бағдарламалар, еңбек нарығы және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, жастарға арналған жобалар мен қолдаулар бойынша сұрақтарға жауап беріп, оңтайлы шешім қабылдауларына көмектеседі.

Жалпы, бүгінге дейін 100-ге жуық адам өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, жоба аясында кәсіби мамандардан кеңес алды.

Егер, Сіздің де аталған сала мамандарына қояр сұрақтарыңыз бен шешімін таба алмай жүрген мәселелеріңіз болса, аптаның бейсенбі, жұма күндері Отбасы орталығында өтетін ашық есік күніне қатысыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: