28 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімін сайлау науқаны өтеді. Соған байланысты 2 қыркүйек күнгі сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Облыстық сайлау комиссиясы хабарлағандай, кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған соң сайлауалды үгіт-насихат жұмысы басталды. Ол 27 қыркүйекте түнгі сағат 12:00-де аяқталады.
«Қазалы ауданының әкіміне кандидат ретінде 5 адам тіркелді. Олар – «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Мира Қазбеков, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев. Үміткерлердің біреуін «AMANAT» партиясы ұсынса, қалғаны өзін-өзі ұсынды» делінген аталға комиссия хабарламасында.
Кандидаттар белгіленген уақытқа дейін үгіт жүргізе алады. Ол үшін әрбір кандидатқа шығыс мөлшері бекітілген.
Сайлау әкімнің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтауына байланысты өткізіледі.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!