Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды», — деп атап өтті.
Конституция – тәуелсіздігіміздің ең басты тірегі, мемлекеттігіміздің кепілі. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Ата заң – елдігіміздің мызғымас тірегі. Бүгін біз Конституциямызды ұлықтай отырып, бабаларымыз салған сара жолды, әділет пен елдік жолын жалғастырудамыз.
Бұл – ұрпақтар арасындағы рухани байланыс, тарих пен қазіргі уақыттың үндестігі.
Айтулы мерекеде әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке тілеймін!
Егемендігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгілік,
Ата заңымыз тұғырлы болғай!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!