Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық әйелдер кеңесінің отырысы өтті

26.08.2025, 16:45 275

2025 жылғы 18 тамызда «Анаға тағзым» орталығында қалалық әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері және белсенді әйелдер қатысты.

Жиын барысында әйелдердің әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірге белсене араласуын қамтамасыз ету, гендерлік теңдікті сақтау, ана мен бала құқығын қорғау сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, алдағы уақытта іс-шаралар жоспарын бекіту туралы және кеңестің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Кеңес төрайымы өз сөзінде әйелдердің қоғамдағы рөлі артып келе жатқанын атап өтіп, оларды белсенділік танытып, түрлі бастамалар көтеруге шақырды.

Отырыс соңында қатысушылар бірқатар маңызды шешімдер қабылдап, ортақ мақсатта ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: