Өмірдің қиын жағдайына түскен әрбір жанға демеу болатын тірек әрдайым қажет. Мұндай тірек, әсіресе даму жағдайындағы ерекшеліктері бар мүгедектігі бар азаматтар үшін маңызды. Бұл кісілер қоғамдық қолдауға арқа сүйейді.
Қалалық мүгедектер қоғамы қолынан іс келетін мүгедектігі бар адамдар арасында шағын цех жұмысын ұйымдастырды. Қазір цехта 20 шебер қызмет етеді. Олар тұрмысқа аса қажет түрлі қолөнер бұйымдарын, бесік пен қыз жасауларын, оюлы құрақ көрпелер, гипстен дайындалған бұйымдар мен ағаштан орындықтар жасап келеді. Осыған орай қала халқынан тапсырыстар қабылдайды.
Тәжірибесі толысқан шеберлер арасында аяқ-киім тігуді меңгерген мамандар, тігін ісінің ісмерлері де бар. Шеберлердің еңбегі еш кетпесін десеңіз, өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылған жандардың кәсібінің алға өрлеуіне қолдау көрсету керек.
Аталған ұйым Ә.Бөкейхан көшесі, №52 мекенжайында орналасқан. Ұйымға Айдар Садретов жетекшілік етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!