Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«AI Qyzmet» оқыту семинары өтті

20.08.2025, 9:20 533

HALYQLINE.KZ

Шиелі кентіндегі «Арман» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллектті дамыту» бағыты бойынша «AI Qyzmet» оқыту семинары өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Семинар жұмысына Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Ғалымжан Болатұлы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Жеткергенқызы және ақпараттық технологиялар бойынша бас инспектор Мұрат Тілекұлы төрағалық етті.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер жасанды интеллект саласындағы заманауи біліммен қаруланып, мемлекеттік басқару процесіне AI технологияларын енгізу жолдарын, цифрлық шешімдердің тиімділігін, деректерді басқару тетіктерін меңгерді.

Бұл оқыту – мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және инновациялық шешімдерді енгізу бағытындағы маңызды бастамалардың бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: