Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жастар кеші өтті

13.08.2025, 10:00 204

HALYQLINE.KZ

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Достық үйі» ғимаратының алдында ашық аспан астында жастарға арналған гала-концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға қатысқан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет барша жасты мерекемен құттықтап: «Жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Қай елдің болмасын басты капиталы халқы десек, соның ішінде жастар – қоғамның жетекші күші ретінде елдің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз», — деп атап өтті.

Кештің мәдени бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шықты. Жастар Жарасхан Төлебай, DJ Jako, Axallek, Есқара сынды өнерпаздардың әуендерін тыңдап, мерекелік көңіл күйге бөленді. Іс-шараның жүргізушілері Әліби Басаров пен Нұрлан Сипанов жастармен интерактивті байланыс орнатып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кештің басты хедлайнері – «6ELLUCCI» тобы жарқын шоу ұсынып, жастардың мерекелік қуанышын еселей түсті. Іс-шара соңында DJ Jako-ның сүйемелдеуімен өткен би кеші мерекені ерекше қорытындылады.

Мерекелік концерттің бір ерекшелігі өнер көрсеткен өнерпаздарымыздың барлығы – жергілікті жастар және тұтас елге танымал болып үлгерген жас таланттар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: