Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл балаларына арналған қоғамдық орындар көбейеді

24.09.2026, 12:30 35

Президент ауылдарда, аудан орталықтары мен шағын қалаларда балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауды тапсырды.

Оқушылар мен студенттер сабақтан кейін спортпен шұғылданып, кітап оқып, жаңа білім игере алуы керек. Бұл үшін кітапханалар, музейлер, мектептер, достық үйлері мен саябақтардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылмақ.

— Қоғамдық ортаның сапасы адамның тұрғылықты жеріне байланысты болмауға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Үкімет әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар әзірлейді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: