Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда өңіріндегі 3 ауылдық округте әкімдер сайланады

23.07.2025, 18:15 231

HALYQLINE.KZ

31 тамызда Қызылорда өңіріндегі 3 ауылдық округте жаңадан әкімдер сайланады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясы хабарлады.

Атап айтқанда, саяси науқан өкілеттілік мерзімі аяқталған әкім Қызылорда қаласының Қарауылтөбе ауылдық округінде, өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылған әкімдер Сырдария ауданының Шаған ауылдық округі және Жалағаш ауданының Мәдениет ауылдық округтерінде өтеді.

3 округте 5000-нан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 24 шілдеден ұсыну кезеңі басталады. 5 тамыз күні сағат 18.00-де ұсыну уақыты аяқталады. Ал, 10 тамыз сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: