Жалағаш аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен кент аумағында кәсіпкерлік мақсаттағы заңсыз құрылыс нысандарын дер кезінде анықтау, ретке келтіру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қызыл сызық талаптарын сақтау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Жиын барысында құрылыс жұмыстарының заңдылығын бақылау, жер телімдерінің нысаналы мақсатын сақтау және рұқсат құжаттарының рәсімделу барысы жан-жақты қаралды.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларына заң талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Мәжіліс қорытындысында жауапты бөлім басшылары мен кент әкіміне нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізу тапсырылды.
@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!