Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тыңшылық түбіне жеткен физиктер

03.07.2025, 15:45 298

HALYQLINE.KZ

1953 жылдың 6 наурызында Нью-Йорк қаласында ашық сот процесінде совет барлау органдарының барлаушылары, ерлі-зайыпты физиктер Юлиус Розенберг (1918-19.06.1953) және әйелі Этель Розенберг (1915-19.06.1953) екеуін АҚШ-тың Жоғарғы соты өлім жазасына кесті.

Ядролық физика саласындағы белгілі ғалым Юлиус Розенберг 1940 жылдан бастап совет барлау органдары үшін жұмыс істеді. Бірінші кезекте идеялық жағынан болса, екінші материалдық жағдайын түзетіп алу үшін барды. Тыңшылық әрекетке өзі барып қана қоймай, бұл жұмысқа әйелі Этельді, тіпті Этельдің інісі, яғни балдызы Грингласс Дэвидті де көндірді. Ал, Дэвид болса Лос-Аламос ядролық орталығында механик болатын. Балдызы Дэвидке өзімнің зерттеу жұмысыма керек деп, 12 беттік Нагасаки қаласына тасталатын атом бомбасының сызбасын алдыртады.

Осы құпия құжат арқылы И.В.Курчатов бастаған совет ғалымдары 1949 жылы атом бомбасын жасап шығарды. Бұл кезде ерлі-зайыпты Розенбергтер тұтқындалып, түрмеде тергеуде болатын. Өлім жазасына кесілген Розенбергтерге рақымшылық жасау үшін Альберт Эйнштейн, Жан-Поль Стартр, Рим Папасы, генерал Шарль де Голль, жазушылар Томас Манн мен Фрацуа Мориск, т.б. әлемге белгілі адамдар араша түскенімен, АҚШ президенті рақымшылық жасаған жоқ.

1953 жылдың 19 маусымында ерлі-зайыпты Юлиус пен Этель Розенбергтерге үкім электр орындығында орындалды. Сондай-ақ екеуі электр орындығында өлім жазасын алған ең соңғы адамдар болып тарихта қалды. Осыдан соң электр орындығында адам өлтіру тоқтатылды. Үкім орындалар алдында екеуіне қоштасу үшін қолдарындағы кісенін алмастан рұқсат берілді.

Ашық дереккөзінен алынған фотода: қолдарында кісені бар Розенбергтер сүйісіп қоштасуда.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: