Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Элшад Расулов: «Өзбекстан әйелдер құрамасы — әзірге өте жас команда»

02.07.2025, 11:50 182

Бокстан Өзбекстан әйелдер құрамасының бас бапкері Элшад Расулов Астанада өтіп жатқан әлем кубогына тоғыз боксшыны дайындап әкеліпті. Ол бізге шағын сұхбат берді.

— Қазақстанға қош келдіңіз! Астанаға тоғыз боксшы әкеліпсіз. Бірақ 70 келіде боксшыңыз жоқ екен. Неге?

— 70 келідегі боксшыны алып келмеуіміздің себебі – бір-екі күн қалғанда ауырып қалды. 70 кг-да ешкімді алмадық. Уақытымыз жетпегені үшін орнына басқа боксшы тауып үлгермедік.

— Жақында бір сайтан оқып едім. Өзбекстан бокс федерациясы әйелдер құрамасына кубалық маман Фернандес Хименез Барбароны шақырыпты. Оның келісім шарты неше жылға дейін? Кубалық тренердің Өзбекстан боксына пайдасы бар ма?

— Біз де кубалық маманмен ұлттық құрамада жұмыс істеуді бастадық. Фернандес Х.Барбароның көп жылдық тәжірибесі бар. Білесіз бе, шетелдік мамандармен бірлесіп жұмыс істеу – бұл техника алмасу және ол арқашан пайдаға жұмыс істейді, зиянға емес. Өзбекстанымызда да тәжірибелі бапкерлер бар. Бірақ Кубаның бокс саласында ірі держава екенін білеміз. Сондықтан біз олармен бірге жұмыс істеп, қызмет атқарып жатырмыз.

— Өзбекстан әйел боксшылары Олимпиададан медаль ала алмай келеді. 2028 жылы Лос-Анджелес олимпиадасынан өзбек әйелдері жүлде ала ала ма? Былтыр Париж олимпиадасында дзюдошы Диора Келдиерова секілді жарқ етіп шығатын боксшы бар ма?

— Бізде әйелдер боксы құрылғанына көп болған жоқ. Бар болғаны бес жыл ғана болды. Екі олимпиадаға қатыстық. Жеңілістермен өткіздік. Алдымызда Лос-Анджелес олимпиадасы бар. Оған үш жыл қалды. Менің ойымша, бәрі жақсы болады. Біздің команда әзірге өте жас. Жеңістеріміз тұрақты болады деп айта аламын.

Айбек МҰХАНОВ,

Астана қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: