Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Даласы кең, қаласы тар қазақтар

09.06.2020, 16:05 680

HALYQLINE.KZ  Елордада өткен Азия қаламгерлерінің форумы кезінде біз мінген көлік кептеліске килігіп қалды. Мен дегбірсіздік танытып: «Даласы кең, қаласы тар қазақтар…» деп күбірледім. Қатар отырғандардың ішінен Халық жазушысы Қабдеш Жұмәділов елең етіп:

— Не дейсің? — деді.

— «Кеңістікке бәрі ынтық,

Даласы кең, қаласы тар қазақтар,

Кең әлемді тарылтып,

Өзін-өзі азаптар», — деп жазғаным бар еді. Сол есіме түсіп отырғаны. Жапанға жаңа қала салған соң, көшесін кең пішуге болар еді ғой, — дедім.

Сонда Қабдеш аға:

— Даланың кең болатыны — оны жаратқан кеңпейіл Құдай!

Қаланың тар болатыны — оны жаратқан тарпейіл адамдар…» деп жауап берді. Есімнен кетпей қалды. Міне, ойлы сөз! «Кең пішу» деп осыны айт!

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: