Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімінің орынбасарына қарулы шабуыл жасалды

22.04.2025, 10:00 269

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Бірнеше рет атылған қарудан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары жараланған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімшілік ғимаратының жанында болған.

“Оқиға салдарынан ол жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды”,– деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

“Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр”,– деді полиция департаментінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: