Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды.
Ақкенженов Ерлан Құдайбергенұлы 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Әділет» жоғары құқық мектебін (Заңгер-құқықтанушы), «Астана» университетін (Мұнай-газ ісі) бітірген.
«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас маманы, Астана қ. (10.06.2002 – 05.06.2003);
«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС бас менеджері, Астана қ. (05.06.2003 – 01.10.2003);
«ҚазМұнайГаз» сауда үйі» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (01.04.2004 – 21.06.2004);
«Chevron Texaco Global Trading «Қылыш» бағдараламасы бойынша шікі мұнай трейдері, Ұлыбритания (01.07.2004 – 01.02.2006);
«KazMunaiGaz Singapore» директоры, Сингапур қ. (01.02.2006 – 01.06.2006);
«Қазмұнайгаз «Сауда Үйі» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (20.06.2006 – 20.03.2008);
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры, Ақтөбе қ. (14.02.2008 – 19.01.2010);
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Бас директорының кеңесшісі, Астана қ. (06.09.2011-03.10.2011);
«ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және Маркетинг» АҚ мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау департаментінің директоры, Астана қ. (04.10.2011 – 04.03.2012);
«Rompetrol Bulgaria» Бас директордың орынбасары, Бас директоры, Болгария (13.06.2013 – 12.05.2014);
«KMG International (Rompetrol)» Мұнай және мұнай өнімдері трейдингі жөніндегі бас директоры, Румыния (13.05.2014 – 31.05.2014);
«KMG International (Rompetrol)» Бөлшек сауда жөніндегі бас директоры, Румыния (01.06.2015 – 30.11.2015);
«KMG International (Rompetrol)» Бас директорының кеңесшісі, Румыния (01.12.2015 – 25.03.2016);
Мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу және тасымалдаумен байланысты жеке құрылымдардағы жұмыс (19.09.2016 – 18.03.2020);
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы, Астана қ. (18.07.2022 – 20.06.2023);
21.06.2023 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!