Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр. 2025 жылы Қазақстанда 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған. Қалған 3,6 мың шақырым бойынша қаржыландыру мәселесі халықаралық қаржы институттарымен талқылануда. Құрылыс жұмыстарын жүргізу халықаралық қаржы институттарының есебінен жүзеге асырылады деп болжанып отыр.
“Бұл «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» жаңа жобалары, сондай-ақ Сарыағаш, Рудный және Қызылорда қалаларын айналып өтетін жолдар. Осы жобаларды іске асыру үшін ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ және басқаларын қосқанда, халықаралық қаржы институттарымен жеңілдетілген қаржы бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді”, – деп нақтылады Көлік министрі.
Министрдің айтуынша, тендерлерге қатысу кезінде отандық компанияларға преференциялар бере отырып, конкурстық шарттарды қайта қарау маңызды қадам болды. Бұл қазақстандық кәсіпорындарды құрылыс жұмыстарына көбірек тартуға мүмкіндік берді. Мәселен, «Қарағанды – Жезқазған» жобасы бойынша тендерге қатысушылар саны 2-ден 10-ға дейін өскен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!