Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр футболында серпін бар

02.06.2020, 11:20 577

HALYQLINE.KZ Футбол – әлемдегі №1 спорт түрі. Ала доптың сиқыры соншалықты, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін құмар.

Қазіргі таңда облыс бойынша 50000-ға жуық адам футболмен айналысады. Оның ішінде 11 спорт мектебінде 129 секцияда 1968 жасөспірім шұғылданады. Облыста жыл сайын жарыстар өткізіліп, қазіргі таңда жастардың футболға деген қызығушылықтары артып келеді.

Атап айтсақ, аты аңызға айналған футболшы Әбіл Қалымбетов, ҚР еңбек сіңірген экономисі, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкенов, жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаев, футболдан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаев, Тимур Қожаниязов, Мәжит Өтемұратов және Тұрмағанбет Ізтілеуовты еске алуға арналған облыстық, республикалық турнирлер, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, Сыр футболының түлегі Сұлтан Әбеновтің жүлдесі үшін республикалық турнир, ҚР Тәуелсіздік күніне орай қыздар арасында, «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жүлдесі үшін турнирлер, ҚР чемпионаттары және облыстық біріншіліктер дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметшілер мен ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадаларында футбол насихатталады.

Сондай-ақ, ауыл жастарының футболға қызығушылығын арттыру, дамыту мақсатында жетінші жыл қатарынан қала мен аудандарда бес ай бойы (мамыр-қыркүйек) әр аптаның сенбі күндері футболдан облыстық чемпионат өткізіліп келеді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында шағын-футбол лигасы мамыр-қазан айлары аралығында ұйымдастырылды, шараға 41 команда, 615 жас тартылды.

2018 жылы Қызылорда қаласында «Қайсар» ФК жанынан қыздар футбол командасы құрылды. Бүгінде жаттықтырушы Берік Сансызбаевтың жетекшілігімен 50-ден аса жасөспірім қыздар (2006, 2007, 2008 жылы туған) ел біріншіліктеріне қатысуда.

Сонымен қатар, 450 жасөспірімді тәрбиелейтін футбол орталығы жұмыс істейді, әр жас ерекшелігі бойынша 10 топтағы спортшылар жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдауда.

Жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында аудандардағы 10 спорт мектебі және қаладағы №6 ОРМБЖМ-не 8-10 жастағы жасөспірім футбол топтарын ақысыз негізде қабылдау жүргізіледі.

Футбол инфрақұрылымын дамыту мақсатында Ғ.Мұратбаев стадионының қосалқы алаңы, негізгі алаңы қайта жаңғыртудан өтті. Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі және Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі орталық стадиондарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. №6 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің («Локомотив» стадионы) футбол алаңына және Жаңақорған ауданындағы орталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары басталды.

2019 жылдың басты жаңалығы – «Қайсар» футбол командасының Қазақстан кубогы ойындарында жеңімпаз атануы. Команда 20 жылдан кейін екінші рет бас кубокқа ие болды.

Лаура ШОҢҒАЛОВА,

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және

спорт басқармасының баспасөз хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: