Бүгін Жаңақорған ауданы М.Нәлібаев ауылдық клубында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сапарбаев Бердібек Машбекұлының өнегелі өмір жолына арналған облыстық арнау айтушылар байқауы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау шымылдығын ашып берген аудан әкімі Мажит Самитов көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлының мемлекеттің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, талапкерлерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар, атаулы іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек, қоғам қайраткерінің үзеңгілестері, ағайын-туыстары, ел ағалары, БАҚ өкілдері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты.
Байқауға Қызылорда қаласы мен аудандардан 7 ақын қатысты.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Қызылорда облыстық филиалының ақылдастар алқасының төрағасы Серік Ыдырысов төрелік етсе, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Шиелі ауданының Құрметті азаматы Кенжебай Жүсіпов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Әбілқайыр Сыздықов қазылық етті.
Байқау екі кезеңде өтті. І кезең – арнау айту, ІІ кезең – «Экспромт», яғни арнайы тапсырма.

Жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, аталған байқауға «Халық» газетінің тілшісі Тұрар Бекмырзаев та қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді.
Ел үшін еңбек еткен, соңына өшпес із қалдырған Бердібек Машбекұлының есімі мен жарқын бейнесі ел есінде мәңгі қалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!