Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Түрмедегі қалталы азаматтар камераны сындырады»: депутат шындықты айтты

06.02.2025, 14:00 76

HALYQLINE.KZ

Қазақстан түрмесіндегі қалталы азаматтар арасында заң бұзу тыйылмай тұр. Әсіресе түрмедегі камераларды бұзып, заңсыз әрекет жасайтындар саны артқан. Бұл туралы депутат Абзал Құспан Adal adam youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.

«Түрмеге келетін болсақ, мәселе өзгеше. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мамандарының айтуынша, кейде түрмедегі ықпалды әрі қалталы азаматтар бақылау камераларын істен шығарады екен. Сондықтан камераны қасақана бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл мәселенің шешімі бола алады», – деді ол.

Депутат қылмыстық атқару жүйесі комитеті мамандарының жалақсы аз екенін әрі түрмелердің жағдайы нашар екенін айтты. Бұл дерек түрмедегі қылмыскерлердің заңсыз әрекетін тыюға кедергі келтіреді деген ойда.

«Қазақстан тәуелсіздік алғалы бірде-бір колония салынбаған. Жаңа колония салуға қажеттілік орасан. Мысалы, 2021 жылы Маңғыстаудағы қатаң режимдегі колония құлап, 3 адам көз жұмды. Орал қаласындағы тергеу изоляторы Екатерина патшайымның кезінде салынған, 200 жылдан астам уақыт өтті. Құлап қалмасын деп ағашпен тіреп қойған. Өскемендегі тергеу изоляторының пайдалануға берілгеніне 300 жылдан асты», – деді ол.

Заңгердің сөзінше, мұндай заңсыздық тек түрмеде ғана. Ал тергеу изоляторында бәрі бақылауда екен. Сұхбат барысында сотты болған депутаттардың тергеу изоляторында ұялы телефон ұстап, еркіндіктегідей тамақ алдыруына қатысты пікірді жоққа шығарды.

«Азаматтар сот үкімі шыққан уақытқа дейін тергеу изоляторында отырады. Үкім шыққаннан кейін түрмеге жіберіледі. 2023 жылы Астананың тергеу изоляторында 4 министр отырды. Ішінде Қуандық Бишимбаев, Арыстанбек Мұхамедиұлы бар. Заң жобасын талқылау барысында әріптестерім осы мәселені көтерді. Келесі күні-ақ депутаттармен бірге тергеу изоляторына барып, жағдайды білдік. Жағдайдың олай емесіне көзіміз жетті. Барлық жерде бақылау камерасы орнатылған. Ондағы жазбаны прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қылмыстық атқару жүйесі комитеті бақылауға алады», – деді А.Құспан.

Фото: dn-kz.kursiv.media

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: