Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төлқұжатты тегін алатын азаматтардың 9 санаты

06.02.2025, 9:50 71

Шетелге шыққысы келетін кей қазақстандықтар мемлекеттік төлқұжатты тегін ала алады. Мәселен, былтыр 102 мың азамат паспорт алу үшін төленетін баж салығынан босатылған.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ Көші-қон қызметі комитеті Халықты құжаттандыру басқармасының аға инспекторы Айнұр Байгеленованың айтуынша, мемлекеттік құжатты алу үшін баж салығын төлемейтін азаматтардың санаты бар.

Салық кодексінің 622-бабына сәйкес:

ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар

Кеңес одағының батырлары

Социалистік еңбек ерлері

Мүгедектігі бар азаматтар (барлық топ)

 Бала кезінен мүгедек болған азаматтың ата-анасының бірі

Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар

Жетім балалар және балалар үйлерінде немесе интернаттарда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

«Батыр Ана», «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иелері

Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға төлқұжат тегін беріледі.

– Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 30 наурызда бекітілген 267 бұйрығы бар. Сонда толығымен жазылған. Мүгедектігі бар бала болса, ол өзі тұратын өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталығына барады. Тиісінше баланың туу туралы куәлігін ата-аналарының біреуі көрсете отырып, арыз жазады. Ал Чернобыль апатынан зардап шеккен, ҰОС қатысқан азаматтар арнайы куәліктерін көрсетіп, тегін ала алады, – деді Айнұр Байгеленова.

Демек, кез келген қазақстандық өзінің белгілі бір санатқа жататынын құжат жүзінде дәлелдесе жеткілікті. Төлқұжат өтініш қабылданғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде дайын болады. Алайда мұндай азаматтар құжатты жедел алғысы келсе, ақы төлеуі керек.

– Бірақ жеделдетілген паспортқа баж салығы салынады, яғни ол шамамен 1,5-3 мың теңгенің аралығында болады. Сонымен қатар жеделдетілген төлқұжат Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында 1-3 күнде дайын болса, басқа республикалық маңызы бар қалаларда 3-5 күн алады. Ол поштаның жеткізу мерзіміне байланысты, – дейді Комитет өкілі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: