Қазір есірткіге тәуелділік, интернет-алаяқтық – қоғамның дерті. Мұндай індеттің алдын алу шаралары да жүйелі жүргізілуде. Есепті мерзімде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласымен 19 құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан зиянды заттардың зертханасы табылып, қызметі толықтай жойылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев пен жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердәулет Жаукеев мәлімдеді.
– Департамент өз құзыреті шегінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы күресте қажетті шаралар қабылдауда. Департаментпен әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 80 сайттың жұмысы тоқтатылды. Департаменттің сыртқы қызмет саласымен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жүзеге асырылды, – деді Серік Әбдімәуленұлы.
– Жол қауіпсіздігі бойынша жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін өрескел құқықбұзушылықтың 7 бағыты бойынша ағымдағы жылдың бір айында барлығы 15894 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Талдау нәтижесінде жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамауы жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер етті. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында осы жылдың қаңтар айының 14-16-сы аралығында «Тасымалдаушы» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды, – деді Ердәулет Баянбайұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!